oC

Мақсаты:

Оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Оқушыларды кітап оқуға тарту;

Оқыған кітаптарын талқылау.

Кітап оқу арқылы адамзат ақыл - ойының інжу маржанын  бойына жинайды да, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз адам өмірі бос. Абылай хан атындағы  #140 қазақ орта мектебінде  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  “Мобильді кітапхана" жобасының “BookCrossing’ бұрышында  "Кітап - білім бұлағы" тақырыбында  іс-шара өткізді.  Шараға "Жас Ұлан" ұйымының оқушылары қатысты.

Кітапханашы Бегман Махаббат оқушылардан оқыған кітаптары жайлы сұрап, ойларын ортаға салып талқылады.  Ал  "Мобильді кітапхана" жобасы жайлы кітапханашы Маманова Салтанат оқушыларымызға көптеген мағлұматтар берді. Шара соңында оқушылар ‘’Досыңа кітап сыйла’ акциясын ұйымдастырып, бір-біріне оқыған кітаптарын сыйлады.