oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-53
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//-53

 МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ ОҚУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ!

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» облыстық IT жобалар хакатоны өтті.

Аталмыш шара жастардың инновациялық жобалар мен ақпараттық технологияларға қызығушылығын арттыруды, әрі стартап жобаларды дамытуға бағытталып, «Әзірлеу» (Development), «Моделдеу» және «Медиа және білім беру» бағыттары бойынша жаңашыл жастардың тың бастамаларына толы болды.

Байқауда бақ сынаған 270 қатысушының арасынан мектеп президенті Аружан Қадырбай ұсынған жоба үздік деп танылып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру грантын жеңіп алды.

Айта кетейік, Аружан хакатонға "Медиа және білім" бағыты бойынша "Біз айтамыз..." сараптамалық ашық алаңы жобасын ұсынды. Сараптамалық алаң оқушылар үнін ести отырып медиа кеңістікте құқықтық, әлеуметтік сұрақтар төңірегінде түрлі сала мамандарымен кездесуге арналған. Бүгінгі күнге дейін екі шығарылым әзірленіп, көпшілікке ұсынылған болатын.

{gallery}/-53{/gallery}