Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт.
Мектеп оқушылары Қызылорда қаласының тарихы музейіне саяхат жасап, танымдық сабақ өткізді. Пән мұғалімі Кенжеғұлова Раушанға алғыс білдіреміз.
{gallery}55{/gallery}



