ОТБАСЫ МЕКТЕП ШТАБЫ
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған. Ал тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.
Мектебімізде "Отбасы мектеп" штабының кезекті отырысы өтті. Бүгінгі бас қосуда қыз бала тәрбиесіне, оның ерекшеліктеріне тоқталды. Мектепте жүріп жатқан жобалармен байланыс таба отырып бұл тақырып кең ауқымда ашылды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келе жатқан "Кел, оқиық!" айдары қатысушылары Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романын талқылады.
"Мектеп театры" жобасының мүшелері роман желісінен сахналық қойылым ұсынды.
"Еркін ойлар алаңы" дебат клубының пікірсайысшылары "БП қызды қырық үйден тыю ақталады деп есептейді" қарары бойынша ойын үлгісін көрсетті.
Аталмыш шараға мектеп парламенті мүшелері де қатысыр, мектеп президенті А.Қадырбай жеңгесімен өзара жағымды байланыс орната білді.
"Отбасы мектеп" штабының отырысына Ата, әже, әке, ана, ағалар мектебінің жетекшілері де қатысып өз ойларымен бөлісіп, бірге ән де шырқады. Мектеп директоры А.Мұсабаева тәрбиелік шаралар әлі де жалғасын табатынын атап айтты.
{gallery}/-40{/gallery}



