oC

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. 

Буллингке кез келген сыныптағы оқушылар ұшырауы мүмкін. Көбіне бастауыш сынып оқушылары арасында кездеседі. Ол бірнеше жылдан мектепті аяқтағанша созылуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қорқыту, кемсіту белгілі бір топқа біріккен оқушылардың өзінен ерекшеленетін баланы шеттетуден басталады. 

Ал оның алдын алудың бір жолы оқушыларлы бірлікке шақырып, ұйымшыл орта қалыптастыруға тарту. Назарларыңызға мектеп оқушыларының сомдауымен буллингтің көрінісі бейнеленген және оның алдын алу бағытындағы роликті ұсынамыз.