Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп", "100 кітап жобасы" бойынша (жетекшісі Г.Ж.Сатыбалдиева) "Зерде" жас оқырмандар топ мүшелерімен О.Бөкейдің "Атау-кере" хикаятын талдау жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Кітап оқуға құштар жастардың интелектуалды әлеуетін арттыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау мен әдеби кітаптар оқуға құштарлығын қалыптастыру. Көркем шығармалар арқылы жас ұрпақ бойында рухани құндылықтар қалыптастыру.
Іс-шара барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,сыни тапсырмалар бойынша шығарманы талдау жұмыстары жүргізілді.
Топтық жұмыстармен шығарма мазмұнын талдау, кейіпкерлер образын жұптық саралау және типтік образды жинақтау, даралау жұмыстары жүргізілді.
Хикаят сюжеті бойынша сахналық қойылым ұйымдастырылып, шығармадағы оқиға өмір шындығымен бейнеленді.
{gallery}/-38/10{/gallery}



