Мектебімізде «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты математика, информатика және физика пәні бірлестігінің апталығы жүріп жатыр. Осы ретте, жаратылыстану-математика пәндеріне бейім оқушылар арасында үш пәннен (математика, информатика, физика) мектепішілік олимпиада өткізілді. Басты мақсат - мектеп оқушыларының білімдеріне сараптама жүргізу. Мектеп қабырғасында пәндік олимпиадаларды өткізу оқушылардың білім көрсеткіштерін байқауға септігін тигізеді. Олимпиада барысында жаратылыстану бағытын таңдаған оқушыларымыз белсенділік танытты.
{gallery}/-38/1{/gallery}



