Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығында "Мобильді кітапхана" жобасы аясында кітапханашы С.Маманова мен қазақ тілі пән мұғалімі Г.Қожатаеваның ұйымдастыруымен 8 Б сынып оқушыларымен "Алаш тұлғасы - А.Байтұрсынов" атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
1.А Байтұрсыновтың шығармашылығы,кітаптары,ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
2.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ету.
3.Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
8 Б сынып оқушысы Е.Шахсұлтан домбырамен "Әлқисса" күйін тартып, оқушылар А.Байтұрсыновтың мысалдарынан үзінді көрініс қойды.



