Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұлағатты ұстаздар күнімен қатарлас келетін қарттар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, мектеп ұстаздары мен еңбек жолын қара шаңырақ № 140 мектепте өткізген ардагер ұстаздарымызға арналған мерекелік жиын өткізілді.
Күн шуағына жылынып, күн сәулесінен нәр алмайтын тіршілік иесі болмайтыны секілді мектептен білім алып, ұстаз тәрбиесінсіз адамзат баласы болмайтыны сөзсіз. Адамзаттың ертеңін дайындап, әлем болашағын тәрбиелейтін ұстаздар қауымына қандай құрмет көрсетсе де, артық емес. Арнайы шақырылған ардагер ұстаздарымыз мектепте жүргізілетін жобалармен танысып, оқушылардың ант беру салтанатының куәгері болды.
Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді.
{gallery}-37/1{/gallery}



