Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Ұстаз - ұлағатты есім. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам - Ұстаз.
Ұстаздар мерекесіне орай Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6"Ә" сынып (сынып жетекшісі Ыбрай Нұрайлым) оқушылары мектебіміздің ұстаздарына өз лебіздерін білдірді.



