oC

Абылай хан атындағы  №140 қазақ орта мектебінің  1"Г" сынып (сынып жетекшісі Әлжан Ұлбосын) оқушылары мектеп кітапханасымен танысты.

Мақсаты:

Қоғамымыздың ертеңгі болар ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар мен балалардың сенімді серігі кітапты оқуға баулу.

Кітапханашылар балаларға ертегілер әлемін, мақал-мәтелдер мен көрнекі кітаптарды таныстырды. Кішкентай оқырмандар өздері білетін ертегілерін, кітап жайлы тақпақтарын жарыса айтты.