Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жыл "Балалар жылы" деп жариялады. Яғни, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігі атап өтілді. Соның аясында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні АТА-АНА ҚОЛДАУЫ – ОҚУШЫ СЕНІМІ тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ата-аналарымен ашық алаң өткізілді.
Шараның мақсаты:
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру, өзін-өзі іске асыру , қоғамда өмір сүруге дағдыландыру барысында ата-ананың қолдауын арттыру.
Шараға :
Қызылорда қалалық №2 ПМПК мекемесінің маманы Ахметова Гүлжан Әуезханқызы
Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің маманы Ултанбетова Дәулет Болатбайқызы
Қалалық №1 емхана психологтары Абубакирова Алия Жұматайқызы, Оразалиева Жазира Болатқызы және ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар ата-аналары қатысты.
Ашық алаң барысында арнайы шақырылған мамандар өз саласы бойынша ата-аналарды толғандырған түрлі сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты. Және іс шара соңы «Кофеграфия», «Жіппен сурет салу» арт терапия элеметтерін пайдалана отырып қорытындыланды.
{gallery}-32/5{/gallery}



