oC

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастау алған "Кел, оқиық" айдарының биылғы оқу жылындағы алғашқы шығарылымы. Оқуға құштар балаларымыз мұғалімнің көмегінсіз өздері қалаған туындыны оқып, талқылауды үйренді.

Бұл жолғы таңдау Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасына түсті. Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.

Біздің оқушылардың Қожа туралы ойын бірге тамашалайық!