31 тамыз күні мектебіміздің ұстаздары Өрлеу БАҰО Педагогикалық әдіснама және инновация кафедрасының тренері Есмаганбетова Улбала Хамитовнаның тренингіне қатысып қайтты. Бұл ұстаздардың жаңа оқу жылындағы сәтті бастамасы болды. Білім саласындағы өзгерістер сараланып, жаңашылдыққа бет алдық.
- Жаңа формация мұғалімі
- Сабақтағы проблемалармен күресу
- Ұстаз бен оқушы
- Нәтижелі сабақты тиімді ұйымдастыру
Бұл бүгінгі Улбала Хамитовнаның екі сағат көлемінде ұстаздарға берген ақпараттары. Тренинг барысында ұстаздар нақты проблемаларды ұсынып, оны шегу жолдарын талқылады. Ұстаздардың ұстазы алдағы уақытта жас ұстаздарға көмектесуге әрдайым дайын екенін жеткізіп, әріптестік келісімге келді. Мұғалімдерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
{gallery}-34/4{/gallery}



