Биылғы оқу жылында мектебімізде 51 сынып жиынтықта 1340 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 сыныпқа 150 оқушы 6 сынып-жиынтықта қабылданатын болады.
2022-2023 оқу жылында төмендегідей өзіндік өзгерістері де бар:
1 сыныптарда балалар тек өз ана тілінде оқитын болады, орыс тілі пәні 2 сыныптан басталатын болады.
«Көркем еңбек» пәні «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөлініп, екі пән жеке-жеке оқытылатын болады.
Бастауыш сыныпта математика пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейтілді. Енді математика пәні 5 сағат өтіледі.
«Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарынан алынып тасталып вариативті компонентке ауыстырылады
Вариативті компонент есебінен 2-11 оқушылары үшін «Патриотизм және жаһандық құзіреттер» курсы енгізіледі:
«Мінез-құлық әліппесі», «Қарым-қатынас әлемі», «Менің туған өлкем»
курстары 2-4 сыныптарда енгізілсе, 5-9 сыныптарда «Парасаттылық және әдеп», «Экологиялық мәдениет», «Азаматтық және патриотизм», «Өмір қауіпсіздігі негіздері», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық», ал 10-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзіреттер» вариативті курстары жалғасын табатын болады.
Жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» акциясы өз деңгейінде ұйымдастырылып отыр. Аталған акция аз қамтылған және көп балалы отбасылар, сондай-ақ әлеуметтік әлсіз отбасылардан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын оңтайландыру мақсатында ұйымдастырылады. Қазіргі таңда «Мектепке жол» акциясына демеушілермен бірге жүзеге асып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, мектебіміздегі мектеп формасын кию өзгеріссіз қалады, яғни мектеп формасының классикалық қою көк түсті. Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы: пиджак, жилет, шалбар, салтанатты ақ жейде/рубашка. Қыздарға арналған мектеп формасының жинағы юбка, жакет, ак блузка.
Мектеп оқушыларын оқулықпен қамту өз деңгейінде. Мектеп кітапханасында жалпы кітапхана қорында 61263 дана кітап бар, оның ішінде оқулық қоры: 50373 дана, көркем әдебиет 10890 дана, электронды оқулық 145 дана, оқу әдістемелік құралдар 405 дана.
2022-2023 оқу жылы өз өзгерістерімен ерекшелігін көрсетіп отыр. Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебі жаңа оқу жылына базалық және материалдық, әдістемелік тұрғыдан дайын.
Мектеп директоры Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы



