oC

Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 10 тамыз куні "Ашық есік" күні болып өтті. Келушілерге есігін айқара ашқан мектепке келушілер көп болды.      

Ашық есік күні - бұл мектеп үшін мереке іспеттес. Ата-аналар қажетті және маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай білім беру бағытымен де хабарлар болды.                                 

Мектеп ұжымы қонақтарды жылы қарсы алып, барлық сұрақтарға жауап берді. Қонақтар мектеп басшымен, ұжыммен еркін сұхбат жүргізіп, алдағы оқу жылының ерекшеліктерімен танысты. Білім беруді ұйымдастыру, мектеп формасы, ауысым кестесі, сабақ кестесімен танысқан ата-аналар мектептің жұмысымен тығыз байланыста бола білді.