"Балдәурен" мектеп жанындағы лагерінің бекітілген іс- шараларына сәйкес жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Лагерь тынығушылары жайдарлы жаздың жарқын күндерін көңілді өткізуде. Бүлдіршіндер қала тарихы, ерекшеліктерімен танысу мақсатында қаланың сол жағалауында орналасқан Қызылорда қалалық мұражайында болды. Лагерьдегі әр күнді қызықты әрі көңілді өткізу үшін түрлі шаралар легі әлі де жалғасады.



