oC

 Биыл еліміздің рәміздеріне 26 жыл толды. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетіміздің рухы мен салт-санасын, қаһармандығы мен тұрақтылығының нышаны рәміздер күні жыл сайын аталып өтіледі.

Рәміздерді сөз еткенде «ұлттық» сөзі ойға оралады. Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сана… Қай рәмізді алсақ та, ұлттық нақыштан аспаған. Тудың түсі, қалықтаған қыран бейнесі, жарқыраған күн мен одан сәуледей таралған 32 шуақ, тігінен салынған ою-өрнек, бәрі-бәрі бір-бірімен астасқанда ұлттық көрінісімізден бірден хабар береді. Елдіктің нышаны саналатын Елтаңба ассоциациясы да ерекше. Шаңырақ, қанатты пырақ, жұлдыз бір-бірімен үйлесім тапқан.