oC

Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Нұрсәт» теннис орталығының базасында Балалар жылы аясындағы облыс әкімдігінің «Бәрі де балалар үшін» балалар апталығының жоспарына сәйкес, «Балалар байлығымыз» бағыты бойынша ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындардың облыстық кезеңі өткізілді.

Жыл сайын еліміздің әрбір өңірінде «Жұлдызай» спартакиадасын өткізу дәстүрге айналып келеді. Сайыстың мақсаты – даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды әлеуметтендіру және ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың спорттық шеберлігін дамытуға бағытталған бірегей спорт алаңын қалыптастыру болып табылады.

«Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындардың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің жетістіктері

«Жеңіл атлетика» ойыны бойынша:

Қожаберген Гүлжан – дәрежелі диплом иегері.

Сәндібек Еркеназ - алғыс хат иегері.

«Асық ату» ойыны бойынша:

Айдаров Тахир – алғыс хат иегері.

«Бес тас» ойыны бойынша:

Берікбол Аида – дәрежелі диплом иегері;

Берікбол Айерке - дәрежелі диплом иегері;

Қожаберген Айжан - дәрежелі диплом иегері;

Әлібай Ақнұр-алғыс хат иегері.

Жеңімпаз бүлдіршіндерімізді құттықтай отырып, қуаныш пен шаттық, жеміс пен жеңіс тілейміз!!!