Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап қана құрайды. Кітап оқу- білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Кітап- адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі. Күнделікті қарапайым өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез аңғаруға болады.Кітап оқыған адам ақыл-парасат, таным, білім, жұртпен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мәдениеттілігі сияқты ізгі қасиеттерімен ерекше болып тұрады.
Мектебіміздің кітап құмар оқушылары Төлен Әбдіктің "Қонақтар" әңгімесін оқыды. Бір қарағанда, "Қонақтар" әңгімесі әке мен ұлдың арасында немесе ата-ана мен бала арасында ренішті, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген шығарма болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойын одан да терең, одан да биік ұғымдардан іздеуге болады. Барлығыңызды кітап оқуға шақырамыз.



