Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу, шығармашылыққа әрі тұлғалық орнын анықтауға бағыттауда біріккен шаралардың әсері мол. Сондықтан да оқу жылы аяқталғанына қарамастан мектебіміздің жас ұстаздары жастар сенбісінде бас қосты.
Ұшқыр ой алаңында үш топқа бөлінген жастар төмендегі бағыттар бойынша жылдам әрі нақты жауап беруге тырысты
Жалпы сұрақтар
Логикалық тапсырма
Кино, музыка квиз
Тәуелсіз Қазақстан
Екі сурет, бір кітап
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жан-жақты да креативті ұстаздарымыздан тәлім-тәрбие алған шәкірттер болашақ жолдарда бағытынан таймай, білімді азамат болады деп сенеміз.



