Жазғы мектеп кезінде жіберілген олқылықтарды түзетуге мүмкіндік зор. Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау мен білік-дағдыны жетілдіре түсу мақсатында , оқу-тәрбиені ұштастыра отырып сабақта түрлі әдістерді қолданып, білім алушылардың қызығушылығын арттыруды қажет етеді.
3 сыныпта жаратылыстану пәнінен "Өсімдіктерді қорғаймыз!" тақырыбы сабағы мектеп жылыжайында өсірілетін көкөніс түрлерімен таныстыру, оларды күтіп-баптау, жақсы өнім алу үшін жасалатын үдерістер туралы мағлұматтар алуға , білім алушыларды еңбекке баулу мен үлкендерге қолғабыс беруге , өсімдіктерді қорғауға деген ынтасын арттыруға зор пайдасы болды."Нысана" әдісін қолданып өсімдік түрлерін анықтауда, "Ақпаратты сүзу"әдісі арқылы өсімдіктердің пайдасы туралы, "Геогфафиялық диктант" әдісі алған білімдерін жинақтап, қорытындылау жасалды. Балалар жылыжайдан жақсы әсер алып, қуанып шықты, сабаққа таласа атсалысты.
{gallery}-36/-19{/gallery}



