«Жазғы мектеп - 2022» оқу үдерісін ұйымдастыру - бұл білім алушылардың білім сапасын арттыру, білім олқылықтарын толтыру мақсаты көзделген. Қойылым балалардың өздерін ертегі кейіпкерлері ретінде сезіну, түрлі рөлдерді бағындыра білудің ғажайып әлемі. Театр өнері баланың ерте жастан сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан жақты дамуына ықпал етеді. Сондай ақ баланың шығармашылықпен ойлау қабілетін, есте сақтау, және алға қойған мақсатына жете білу дағдыларын тәрбиелейді.
"Жазғы мектеп-2022ж" жобасы аясында мектебіміздің 2 сынып білім алушыларынан жиналған оқушылар "Жеті лақ" ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылым ұсынды.
{gallery}-36/-16{/gallery}



