" Бір ел- бір кітап" республикалық акциясы аясында Ә. Тәжібаев атындағы кітапханада ұлт ұстазы , қазақ ағартушысы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығына орай, Ахметтің шығармаларының ішінен "Оқу құралы" кітабының мазмұнын талдауға арналған әдеби жиын өтті.
Жиында Абылай хан атындағы 140 мектептің ұстаздары Қосанова М, Музарапшина Ж, Абдуллақызы Ұ өз талдау пікірлерін ортаға салды. Оқулықты бүгінгі оқу құралдарымен салыстыра отырып талқылады, өз ұсыныстарын жеткізді. Кітапқа енген шығармаларының мазмұндық идеясына тоқталды. Кітаптың әр бөлімі бойынша әзірлеген сараптама пікірлерімен бөлісті.
Оқушылар А. Байтұрсыновтың шығармаларын жатқа оқыды. " Оқу құрал" кітабына жасалған буктрейлердің таныстырылымы болып өтті. Өтілген жиын қатысушыларға жақсы ой салды. Байтұрсынов мұрасының терең мазмұны мен маңызы аса құнды деп пікір білдірді. Кітапхана қызметкерлері белсенді атсалысқан ұстаздар мен оқушыларды арнайы Алғыспен марапаттады.
{gallery}-36/-1{/gallery}



