Мамыр айы табиғаттың жайма - шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желең жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі 1 мамыр күні халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен - тегін болуы мүмкін емес. Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылықты негізге ала отырып мемлекетіміз болашаққа достық туын желбіретін нық қадам басады деп сенеміз.
Осынау айтулы мереке қарсаңында мектеп оқушылары да бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы жас ұрпақ ретінде салтанатты шараға қатысты. Бұл күні достық әні шырқалып, сан ұлт бір ту астында екені тағы бір мәрте айтылды.
{gallery}-32{/gallery}



