Ағымдағы жылдың 7-8 сәуір күндері мектебіміздің ата-аналарының тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы туралы ой-пікірін,талап-ұсыныстарын білу мақсатында онлайн сауалнама жүргізілді.
Сауалнаманың қорытындысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру, асхана тазалығы, тамақтану кестесі, күнделікті ас мәзірі, мектептегі тамақтану сапасы бойынша жоғары пайыздарды көрсетіп, бұл сұрақтар төңірегінде мәселелердің жоқтығы нақтыланды. Дегенмен, кейбір мәселелерге көңіл аударып, алдағы уақытта ескеретін тұстар да бар. Тамақтануды ұйымдастыруды тексерудің қорытындысынан байқағанымыздай, мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды.
Он түрлі сұрақпен қамтылған сауалнамаға, 372 ата-ана қатысып, өз жауаптарын ұсынды. Сауалнама қорытындысы төмендегідей пайыздық көрсеткіштерді көрсетті
{gallery}-28/11{/gallery}



