Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен биылғы жыл "Балалар жылы" деп жарияланды. Яғни, барыс жылында өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігі атап өтілді.
Аталған жыл шеңберінде Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің мектеп әкімшілігі Қызылорда Қалалық Мүгедектер Қоғамымен бірлесе отырып, екінші жоспарлы іс-шарасын жүзеге асырып үлгерді.
Қала орталығындағы «KIDS BOOM» ойын-сауық орталығы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға» #ЕРЕКШЕ_БАЛАЛАРҒА_АЙРЫҚША_ҚОЛДАУ ұранымен керемет көңіл-күй сыйлап, қайырымдылық жасады. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты.
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Балаларымыздың дендері сау,үлкен азамат пен азаматша болып өсуіне тілектеспіз.
{gallery}-28/9{/gallery}



