oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-28/5
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-28/5

“12 сәуір-Ғылым қызметкерлері күніне” орай «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. АТА-АНА» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

 

МАҚСАТЫ:

 

Ғылыми-зерттеу орталығында қолданылатын шығармашылық жұмыстар, жобалық іс-шараларды дарынды балалардың қызығушылығына негіздеп, оларды қолдау және басшылыққа алу.

 

Әрбір оқушының қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен ұштастыру. Оқушылардың ғылыммен айналысуға деген әлеуетін арттыру.

 

І БӨЛІМ негізінде «SCIENCE FAСTORY» ғылыми-зерттеу орталығында мектеп оқушыларының ғылыми жобалары, ғылыми ізденіс жұмыстары көрсетілді

 

«Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңында 11-сынып оқушысы Жаппасбай Парасат “Метеорологиялық алаңда бақылаулар жүргізу арқылы ауа райы өзгерісін зерттеу” тақырыбындағы зерттеу жұмысымен таныстырды.

 

Жетекші география пәні мұғалімі Ахметова Жазира Амангелдіқызы.

 

«Green study» жылыжай ғылыми-зерттеу орталығында 9-сынып оқушысы, мектеп президенті Қадырбай Аружан “Жылыжайды зең саңырауқұлақтарынан құтқару жолдары” тақырыбындағы жоба жұмысына таныстырылым жасады. Жетекші биология пәні мұғалімі Бошайбек Жанат Кеңесбекқызы.

 

ІІ БӨЛІМ «ОНЛАЙН МЕКТЕП» кіші мектеп жұмыстары негізінде Ғалым ата-аналарымызлың шебер сыныптары көрсетілді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушыларына М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы тақырыбында «Болашақ» университетінің аға-оқытушысы, ф.ғ.к, «Әлімсақ» журналының редакторы, ғалым ата-анамыз Нұрлан Көбегенұлы сабақ өткізді.

 

Химия пәні бойынша 8-сынып оқушыларына “Оксидтер, жіктелуі, аталуы” тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, экология және химия технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к., ғалым ата-анамыз Нурлыбек Ахатаев Ақарыстанұлы шебер сынып жүргізді.

 

Құқық негіздері пәні бойынша 10-сынып оқушыларына “Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылаушының негіздері” тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Құқықтану» кафедрасының аға-оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, ғалым-анамыз Алия Муйденова Қалжанқызы тәжірибесімен бөлісті.

 

Ғалым ата-аналарымыз мектеп оқушыларының білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын байқап, нәтижелі жұмыс жасады.

 

ІІІ БӨЛІМ «SCIENCE FAСTORY» ғылыми-зерттеу орталығындағы тәжірибе алаңымен жалғасты.

 

Өз ісінің майталмандары, ғылыммен айналысып жүрген қонақтарымыз мектебіміздің жас ғалымдарымен, магистр дәрежесіндегі ұстаздарымызбен пікір алмасты. Ғылыми ізденіс жұмыстарымен сонымен қатар, ғылыммен айналысудың маңызды тұстарымен бөлісті.

 

Білім ордасының белсенділері, мектеп парламентінің мүшелері көкейтесті сұрақтарын қойып, әңгіме өрбітті. Болашақ стипендиялық бағдарламасы арқылы Ұлыбританияның, Борнмут университетінің, "Халықаралық қонақ үй бизнесі және туризм менеджменті магистрі", «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының докторанты Бекзат Шәкімұратқызы магистр ұстаздарға ғылыммен айналысу, Scopus журналдарына ғылыми статьяларын жариялау кезеңінде көмек беруге әзір екенін айтты. Келелі ой, сүбелі сөз айтылған шара мектеп театры оқушыларының “Ұлпан бейнесі” қойылымымен қорытындыланды.

 

Оқушыларымыз қонақтарға сахналық қойылым көрсетіп, рухани демалыс сыйлады.

 

Кеш соңында “Өрлеу”БАҰО АҚ директорының орынбасары Сакен Кәрібозұлы ғалымдарды кәсіби мерекемен құттықтап, ғалым ата-аналарға алғыс хаттар табыстады. Мектеп директоры Айгуль Нажмадинқызы шараға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, мектеп ұжымы атынан алғыстарын жеткізді.

{gallery}-28/5{/gallery}