Рухани құндылықтарымызды насихаттау, қайраткерлерін тану , киелі орындар мен тарихи маңызы бар ескерткіштер туралы мәлімет беру мақсатында 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні қарсаңында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 3 «Б» және 3 «В» сынып оқушылары дүниетану сабағын Қызылорда облыстық тарихи –өлкетану музейінде өткізді.
Музей қорындағы бағалы экспонаттар сабақтың көрнекі құралы ретінде пайдаланылып, «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?» тақырыбында өте қызықты, танымдық, саяхат сабақ ұйымдастырылды. Музейдегі сабақ оқушылардың көңілінен шығып, халқымыздың тарихын танып білуге деген құштарлықтары артты.
{gallery}-28/1{/gallery}



