Әр бала үшін білімнің сара жолы мектептен басталады. Мектеп — білім ошағы. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін, үйренген өнерін жалғастыра отырып өмірден өз орындарын таба алады. Мектеп қоғамның дамуымен тығыз байланысты, сондықтан да мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Мектеп білім беріп қана қоймай, оқушыға мол тәлім — тәрбие беріп, болашаққа жол сілтейді.
Мектеп парламенті мүшелері әдеттегідей апта жаңалығын қорытындылады. Білім, ғылым, тәрбие бағыты бойынша түрлі шараларға толы апта жаңалығын бірге тамашалайық.



