18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауды, тарихи-мәдени мұраны қорғауды үйрету, түсіндіру мақсатында мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен Quest ойындары өткізілді.
Бұл күні мектеп ұстаздары мен оқушылары білімдерін тағы бір мәрте біріктіріп, ұстаз бен оқушылардан жасақталған командалар өзара сайысқа түсті. Шапшаңдық, икем, жылдам ойлауды қажет ететін бұл ойында қала орталығында орналасқан 8 ескерткіш жасырылды. Олар
М.Әуезов
Б.Шукенов
Қорқыт ата
И.Панфилов
Қобыланды батыр
М.Шоқай
А.Иманов
Ы.Жахаев
Аталмыш ойын арқылы оқушылар қандай тұлғаға ескерткіштер қойылғанын, олардың орналасқан жерін және сұрақтарға жауап іздеу барысында олар туралы көптеген мәліметтер алды.



