БАС ИЕМІН, АНА - ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ!
Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында балалардың оқуға құштарлығын арттыпу мақсатында "Бас иеміз, ана-деген тәңірге!" атты мәнерлеп оқу челленджі болып өтті.
Оқушылар аналарына деген ақ тілектері мен ізгі лебіздерін өлең шумақтарымен жеткізе білді. Аталған шара " АНА" деген құдіретті ұғымның тағы да бір мәнін ұқтырғандай болды. Ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды. 6 сынып оқушылары Мұқан Айзере, Жалғас Нұрайлым, Ибрагим Әйгерім, Ибрагимқызы Динара, Тұрсынбац Арайлым арнайы Алғыс хаттармен марапатталды
Видео бар:



