oC

"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ" Сыныбы: 3 "Б" Сынып жетекшісі: Кенжеғараева Назиға Мектебіміздің COWORKING орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ұлттың ұлы ұстазы " тақырыбында 3"Б" сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ағартушы ғалым, қоғам қайраткері, ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, ұлты үшін күреспен өткен өнегелі өмірінен тәлім-тәрбие беру. Шара барысында: 1.Ақын туралы қаламдастарының пікірі. 2.Балаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу. 3. Көркем сөз оқу, сұрақ-жауап. 4. Мектеп кітапханашысы Бегман Махаббаттың ағартушы ғалымның шығармалары туралы мағлұмат беруі, таныстыруы. 5. Аударма мысалдарынан "Қарға мен түлкі" мультфильмі көрсетілді. 3"Б" сынып оқушылары "Ұлттың ұлы ұстазы " атты ақын өмірі туралы альбом жасап, COWORKING орталығына сыйға тартты. Шараның соңы әнмен аяқталды.