oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-23
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-23

Ғажайып театр Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек те театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, мұғалімдер үшін үлкен табыс. Мектебіміздің ағылшын тілі пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мектеп театры" жобасы сәтті жұмыс жасап келеді. Осыған дейін қуыршақ театры, көлеңкелі театр мүшелерінің қойылымын тамашалаған болсаңыздар, бүгін ертегі кейіпкерлерін өздері киініп, сезініп, сомдайтын театр мүшелерінің жұмысын тамашалауға шакырамыз. Ағылшын тіліндегі "Мақта қыз бен мысык" ертегісінен үзінді қабыл алыңыздар


Оқуға құштар мектеп жобасы аясында 17 наурыз 2022 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен жерлесіміз, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Қуат Адисұлының "Жалынды жастықтың жырлары" атты шығармашылық кеші өткізілді. Кеш барысында ақынның өмір жолы, балаларға арналған шығармалары, кітаптарымен таныстырылды. Осы кешке Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің 2,,А" сынып оқушылары қатысып ,,Төрт түліктің төлдері және балақай " көрінісін сахналады. Балақайлар өнері көрермендер көңілінен шығып,қошемет құрметке бөленді. Кеш соңында балалар ақыны Қуат Адисұлы балаларға ризашылығын білдіріп ,,Дәрумендер дауасы" өлеңдер мен жұмбақтары енгізілген кітабын сыйға тартты. Балалардың өнеріне, кітапқа қызығушылығына кітапхана ұжымы да ризашылықпен алғыстарын айтты.

{gallery}-23{/gallery}