oC

Салт-дәстүрімізді дәріптейік Наурыз барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз - көктемнің күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні киіз үйлер тігіліп, ұлттық киімдер киіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, Наурыз көже,бауырсақ пен шелпек пісіріліп Наурыз мейрамы тойланады. Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің <Мобильді кітапхана> жобасы аясында Коворкинг орталығында мектеп кітапханашылары: Бегман Махаббат, Маманова Салтанат және Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты 2 балалар кітапханасының кітапханашылары Сейдахметова Райкүл, Бердібаева Аян апайлармен бірлесіп 6-Г сынып оқушылары мен (сынып жетекшісі: Тоғызбаева Гүлжан) <Салт-дәстүрімізді дәріптейік> атты іс-шара өтілді. Шара барысында сыныпты екі топқа бөліп( топ басшылары: Мұрат Амангелді, Ердібек Рамазан) салт-дәстүрге байланысты интелектуалды ойын ойнатылды. Сонымен қатар Коворкинг орталығындағы Интерактивті тақтадан және QR кодтың көмегімен салт-дәстүріміз жайлы кітаптармен танысты. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық мейрамдардың бірі-Наурыз мейрамы туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен толықтыру. Ұлттық мейрамы мен салт-дәстүрге деген оқушылардың рухани қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды әдет-ғұрыпқа дәріптеу.