oC

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз мерекесі де жақындап келеді. Наурыз мейрамында әр адам жылы шырай сезініп, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады. Себебі Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Осындай мереке қарсаңында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушылар ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарды насихаттауды жөн көрді. Мектеп оқушылары әдемі оюмен өрнектелген қамзолдар киіп, бұрымдарына шашбау, шолпы тағып, сондай-ақ түрлі білезік, жүзік, сырғаларымен дараланды