Кел, оқиық! №2 "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр, бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Бүгінгі "Кел, оқиық!" айдары Оралхан Бөкейдің "Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесі төңірегінде болмақ. Әңгіме желісімен мектеп парламентінің мүшесі Жалғас Арайлым бөліседі. Бізбен бірге болыңыздар!



