Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
«Менің өмірімде кездесетін мақал-мәтелдер» жобасы аясында 7 сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» орталығында болып, жоба аясындағы жұмыстарымен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Музарапшина «Оқушы тілін мақал-мәтелдерді тиімді қолдану арқылы дамыту» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен таныстырып, ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға, ой дәлдігін дамытып, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге шақырды.
Рүстемқызы Назым «Мен қолданатын мақалдар», Базарбай Динара «Мәні өзгерген мақалдар» тақырыбында баяндама оқыса, қатысушылар «Жиреншенің тапқырлығы» тақырыбында көрініс қойды. Соңғы бөлімде, мақал-мәтелдер бойынща арнайы әзірленген викториналық сұрақтарға жауап беріп, шапшаңдықтарын танытты.
{gallery}-22/4{/gallery}



