Педагогикалық кеңес - мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау және шешу үшін өткізілетін педагогикалық қызметкерлердің тұрақты алқалы жиыны. Әдетте, педагогикалық кеңес барысында ұжымдағы ұстаздардың жетістіктері мен кемшіл тұстары айтылып, мектеп менеджментінің шығармашылығы мен шеберлігі анықталып, мектептегі әдістемелік жұмысты жүргізудің әдістері мен тәсілдері, даму үлесі талқыланады.
Бүгінгі педагогикалық кеңесте төмендегідей мәселелер қарастырылды
ІІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.
- 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ке дайындық деңгейі. Сынама тест қорытындысы. Жауапты: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру
- Білім беру ұйымында негізгі болып саналатын "Мектеп театры", "Дебат қозғалысы", "Мектеп парламенті" және "Оқуға қүштар мектеп" жобаларының іске асырылуы.
- Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Спорттық, пәндік жалпы есебі 35 үйірме жұмыстарын үйлестіру.
- Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары. Жауапты: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылармен атқарылған жұмыстар. Жауапты: Мектеп психологы.
«Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен бөлінген қаржының игерілуі. Жауапты: Әлеуметтік педагог.
Ағымдағы мәселелер.
{gallery}-22/1{/gallery}



