БІЗ- ТӘУЕЛСІЗ ЕЛМІЗ
Тәуелсіз-әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде 30-жылдан бері тербеліп келеді.
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты «Біз-Тәуелсіз Елміз» тақырыбында 7 “В” сынып оқушыларымен тәрбие сағаты болып өтті.
Сынып жетекшісі: Тұрғанбаева Әсел.
Аталған шара барысында оқушыларымыз Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрініс көрсетті. Өнерлі оқушымыз Д. Әуезханов «Ерке сылқым» күйін орындады.



