ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА - 30 КІТАП
《Бір ел - бір кітап》акциясы аясында《Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап》ұранымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласында 30 үздік туынды таңдалды. Осы үздік туындылар оқырмандарымызға оқуға, насихаттауға ұсынылды.
Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 《Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап》атты іс шара өткізілді.
Мақсаты: кітап оқуды насихаттау,қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.
7 В сынып оқушысы:
Ергешов Нұрсұлтан Д.Исабековтың "Жекпе-жек" кітабыннан түсініктеме айтты. Оқушыларымыз 30 кітаптың әр тарауға бөлінетіндігін және де іс шарадан қандай әсер алғандарын ортаға салды.



