ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз - әлемдегі ең құдіретті сөз. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап,әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді.
Мектебіміздің COWORKING орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік - тірегім” атты
ашық сабақ өткізілді.



