oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-21
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-21

БЕДЕРЛІ БЕЛЕС БИІГІ:

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ

Еліміздің тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.

Мектебімізде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бедерлі белес биігі: кемеңгерліктің 30 жылы» атты мерекелік шара өткізілді. Мектеп басшысы Айгуль Мусабаева мерекелік лебізін білдіріп, тәуелсіздік қарсаңында жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттады. Шара барысында «Мектеп театры» құрамындағы оқушылар ұлағатты тұлғалардың өлеңдері мен нақыл сөздерінен үзінділер оқыды. Мектеп директоры мен ұстаздары «Жас қыран» ұйымының ант қабылдау рәсіме қатысып, оқушыларға галстук пен төсбелгілер тақты. Мерекелік шара жас қырандықтардың әнімен жалғасты. Мектеп бойынша 70 оқушы жас қыран ұйымына қабылданды. Сонымен қатар, биылғы жылы Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толып отыр. Оқушылардың бұл ұйымда жұмыс жасауы ұлттық кодты, ұлттық құндылықты сақтаудың бірден бір жолы болмақ.

Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Ең қымбат қазынамыз – ана тіліміз, көк туымыз, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, киелі шаңырағымыз. Келешекте де біз көздің қарашығындай сақтап, болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанатын боламыз.

#mektep140

#bilimkzo

#ЖасҰлан10жыл

{gallery}-21{/gallery}