ҮЗДІК БАСТАУЫШ СЫНЫБЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ-2021
Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы. Тәлім-тәрбие мен қоса, оқу-білімді де қатар үйрететін де ұстаз. Білімді ұрпақ елдің ертеңі, ұлт айнасы десек те болады. Ұрпақ білімді болса, мемлекетіміз әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп, бәсекеге қабілеті жоғарылай түседі. Осындай саналы ұрпақты тәрбиелеп жүрген білікті ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі-Жабикенова Салтанат Ануарбекқызы.
Салтанат Ануарбекқызы-«Үздік бастауыш сыныбындағы математика пәнінің мұғалімі-2021» облыстық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі І орын иеленді. Мектебіміздің үздік мұғалімі енді облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы сайысқа сәттілік тілейміз. Қызметте абыройлы болыңыз!





