ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 7 ҚЫРЫ
Қай заманда, қай уақытта да әр адам, әр қоғам болашағына алаңдап, жақсылыққа жорып, аңсай күткен. Қазақ халқы да тарихтың ойлы-қырлы беттерін жүрегінде сақтап, жадына жаттап, ғасыр, мыңжылдық секілді тарих бетінде ізі қалатын белестер шағында қобалжығаны рас. Өмір ағыны мен ағымына қарай өзгеріс болуы да шарт. Осындай өзгерістердің бірі ел тарихында алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздік.
Биыл еліміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес те азат мемлекетке айналып тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Бұл Тәуелсіздік – елдің еркіндігі, баға жетпес байлық, ең құдіретті сөз. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Содан бертін дүние керемет өзгеру жолында болса да, бірақ біздің алдымызда ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат ету міндеті тұрды. Ел маңдайына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай президент бұйырып, аталған мақсат-міндеттермен қатар жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ынтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жетіп, еліміз біраз қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді. Жас мемлекет аз-кем қателіктерге мойынсұнбай, жолынан жаңылмай алға қадам баса берді.
Тәуелсіздік сөзінің құнды да мәнді екенін сезіндіру, брлашақ жастардың қолында екенін ұғындыру мақсатында мектеп Жас Ұландарына "Тәуелсіздіктің 7 қыры" деректі фильмі көрсетіліп, талқыланды
{gallery}-18{/gallery}



