БЕДЕРЛІ БЕЛЕС БИІГІ:
КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ
ЭКСКУРСИЯ САБАҚ
Тарих пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың тарихын білуге міндетті.
Бүгін мектебіміздің 8 сынып оқушылары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады.
Тарих пәнінің мұғалімдері Жаңабергенова Жанар және Тоқтамұратова Манар оқушыларға он күндік аясында мектебімізде жүргізілетін "Ұлы тұлғалардың нақыл сөздері" жобасы негізінде тұңғыш елбасының 1000 нақыл сөздерін таныстырды.
{gallery}-14{/gallery}



