oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-9
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-9

БЕДЕРЛІ БЕЛЕС БИІГІ:

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ

ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ

Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым. Тарихты білу-сонау өткен замандағы маңызды оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілігін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысында жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысу, келешекті болжай білуге талпыну.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде тарих пәнінің онкүндігі өткізілуде. Тарих пәнінің мұғалімі Тоғызбаева Гүлжан 10 сынып оқушыларымен бірге Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына барып, зерттеу сабағын өткізді. Мектеп оқушылары архив құжаттарымен танысып, өткен жылдардың тарихын зерттеп, бүгінгі күннің болмысын таныды.

Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. “Тарихсыз-халық жоқ” деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.

{gallery}-9{/gallery}