oC

#ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫНАН ІІ ОРЫН

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Өндірісті өлкенің дамуы архив құжаттарында» атты ғылыми жобалар байқауын өткізілген болатын. Аталмыш шара сыр өңірі тарихын зерттеу, білім алушылардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатын көздейді. Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Қадырбай Аружан «Қызылорда сүт комбинаты» тақырыбында жоба қорғап, ІІ орын иеленді. Тарих пәні мұғалімі Тоғызбаева Гүлжан жетекшілік жасап, қолдау көрсетті.

Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуы, болашақта өз ойын еркін айтып, жетістіктерге жететін оқушыларға айналары сөзсіз. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!