Сан салалы өмірде мамандықтың түрі де көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Бүгінгі мектебімізде өткен кездесудің мақсаты да осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Осы орайда «Жылы жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі, белсенді жас , Сагатбек Куанышбайулы және Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, Сыр жастарының қолдаушысы Сабыржан Кеншилик бітіруші 10-11 сыныптармен кездесу кешіміздің құрметті қонағы болды.
Балалар 2 топқа бөлініп, жаңадан қосылып жатқан мамандықтар және жойылып бара жатқан мамандықтар тақырыбында, қонақтармен бірігіп жоба қорғады. Келген қонақтар өз мамандықтары туралы және мамандықты қабілет, дағдысына қарай таңдау керектігін, жаңа мамандықтар атласы жайлы таныстырып, қазіргі жасап жүрген қызметтеріне қалай келгендері жайлы ой бөлісті. Кеш соңында қонақтар ата-ананың үмітін ақтап, ҰБТ-ден жоғары балл алып, таңдап отырған мамандықтарының грант иегері атануларына тілек білдіріп, сәттілік тіледі. Оқушыларда өте жақсы әсер алғандарын жарыса жеткізіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
{gallery}-1{/gallery}



