25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
25 қазан – Республика күніне орай Абылай хан атындағы №140 орта мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Акция аясында оқушылар үш бағыт бойынша тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді:
«Таза Қазақстан: Киелі мекен»
Ақ футболка киген оқушылар ескерткішті тазалау және жуу жұмыстарын атқарды. Бұл бағыт тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарауға үндейді.
«Таза Қазақстан: Жасыл аймақ»
Жасыл футболка киген оқушылар жылыжай аумағындағы ағаштарды суарып, айналасын қопсыту жұмыстарын жүргізді. Табиғатты аялау мен жасыл желекті күту – ортақ міндетіміз.
«Таза Қазақстан: Жасыл өлке»
Сары футболка киген оқушылар мектеп аумағын сыпырып, айналаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлықты, еңбекқорлықты және азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! Туған жерімізді бірге көркейтейік!
https://www.facebook.com/share/r/14vzcSJJb2f/




